Жаңалықтар

Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

🖇Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
➡️2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі.
🔍Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы республиканың алтын өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button