Қарағанды облысында «Qarmet» ұжымымен өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-да кәсіпорынның еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Ербол Исмайлов, Рустам Танишбеков және Арафат Мажитов қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.
— «Өнеркәсіп – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан өндіріс орындарының тұрақты дамуына жағдай жасау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау маңызды. Еңбек ұжымдарының ұсыныстары назардан тыс қалмай, нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы керек», – деді кандидат Бекзат Алтынбеков.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



