Новости

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

 

Бүгінде цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласын жаңғыртудың, еңбек өнімділігін арттырудың және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудың маңызды құралына айналып отыр.

 

Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, инновациялық жобаларды қолдау және цифрлық экономиканы қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.

 

Жаңа технологияларды өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және мемлекеттік басқару салаларына енгізу халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттырып, елдің технологиялық дамуына жол ашады.

 

Цифрлық даму – жаңа мүмкіндіктерге, тиімді басқаруға және бәсекеге қабілетті экономикаға бастайтын жол!

 

#ПрезидентЖолдауы #Цифрландыру #ЖасандыИнтеллект #DigitalQazaqstan #Инновация

Басқа жаңалықтар

Back to top button