Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді. 

2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер:

 

▪️ Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның 193 мемлекет арасындағы электрондық үкіметті дамыту индексінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, өз көрсеткішін 15 позицияға жақсартты.

 

▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты. Көрсеткіш нөлден 70 млн АҚШ долларына дейін өсті.

 

▪️ IT-экспорт. IT-қызметтер экспорты 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Оның ішінде Astana Hub резиденттерінің экспорты 633 млн долларды құрады.

 

▪️ Интернет инфрақұрылымы. Интернетпен қамту деңгейі халықтың 84%-ынан 98%-ына дейін артты. Орташа интернет жылдамдығы 21-ден 88–94 Мбит/с дейін өсті. Қазіргі уақытта бесінші буын — 5G байланысы енгізілуде.

 

▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер. Цифрландырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.

 

▪️ Қолма-қол ақшасыз төлемдер. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге өсіп, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button