В Астане состоится выставка Creative Aimaq «Наследие Золотой Орды: искусство, рожденное Великой степью»

18–19 июля 2026 года в городе Астане пройдет выставка Creative Aimaq— масштабный проект, посвященный развитию креативных индустрий Казахстана и популяризации богатого историко-культурного наследия Великой степи.
Creative Aimaq Astana станет площадкой, демонстрирующей, как многовековые традиции казахского народа находят свое отражение в современном дизайне, моде, ювелирном искусстве, живописи и авторском ремесле.
Посетителей ожидают тематические экспозиции, включающие авторские сувениры, изделия из дерева, кожи, керамики и войлока, работы современных мастеров и художников, коллекции этно-моды, ювелирные украшения, а также специальная экспозиция, посвященная искусству құрақ көрпе.
Особое место в программе займут интерактивные мастер-классы, где ремесленники продемонстрируют традиционные технологии обработки дерева, кожи, изготовления национальных музыкальных инструментов и кузнечного дела. Гости смогут познакомиться с мастерами, принять участие в творческих встречах и узнать больше о современных тенденциях развития национального искусства.
В концертном зале состоятся показы коллекций отечественных дизайнеров в формате Ethno Fashion Show, а также концерт группы Jezz Acoustic Band, объединяющей современное звучание с этническими музыкальными мотивами.
Выставка направлена на поддержку отечественных мастеров, дизайнеров, художников и представителей креативного бизнеса, а также на продвижение национального бренда Made in Kazakhstan.
Creative Aimaq станет важной площадкой для диалога между историей и современностью, способствуя сохранению культурного наследия и развитию творческого потенциала Казахстана.
18-19 июля, место проведения город Астана, ул. Жошы хан 16/2 Qazaq Creative Hub.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Астанада «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер» атты Creative Aimaq көрмесі өтеді
2026 жылғы 18–19 шілде күндері Астана қаласында Қазақстанның креативті индустрияларын дамытуға және Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған Creative Aimaq көрмесі ұйымдастырылады.
Creative Aimaq көрмесі қазақ халқының бай мәдени мұрасының бүгінгі заманғы дизайнда, сән индустриясында, зергерлік өнерде, кескіндемеде және авторлық қолөнерде жаңа сипат алып, шығармашылыққа шабыт беретінін айқын көрсетеді.
Көрме аясында Қазақстан тарихы мен Алтын Орда мәдениетінен шабыт алған заманауи сувенирлік өнімдер, ағаштан, былғарыдан, керамика мен киізден жасалған қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, суретшілердің туындылары, этно-сән топтамалары және қазақтың дәстүрлі құрақ көрпе өнеріне арналған арнайы экспозиция ұсынылады.
Келушілер үшін былғары өңдеу, ағаш ою, ұлттық музыкалық аспаптар жасау, ұсталық өнер сияқты дәстүрлі кәсіптердің қыр-сырын таныстыратын шеберлік сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар қолөнершілермен, суретшілермен және дизайнерлермен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып, ұлттық өнердің бүгінгі даму бағыттары кеңінен таныстырылады.
Көрменің концерт залында қазақстандық дизайнерлердің Ethno Fashion Show сән көрсетілімі өтіп, кешкі бағдарлама Jezz Acoustic Band тобының концертімен жалғасады.
Жоба отандық қолөнершілерді, дизайнерлерді, суретшілерді және шығармашылық кәсіпкерлерді қолдауға, сондай-ақ Made in Kazakhstan ұлттық брендін дамытуға бағытталған.
Creative Aimaq – тарихи мұра мен заманауи креативті индустрияларды тоғыстыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Қазақстанның шығармашылық әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға ықпал ететін маңызды мәдени алаң.
18-19 шілде, өтетін орны Астана қаласы, Хошы хан көшесі 16/2 Qazaq Creative Hub.



