Новости

Сәтбаевта қаржылық қауіпсіздікке арналған форум өтті

Сәтбаев қаласында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «АФМ Online 2026 — Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» форумы ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен өтіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға арналды.

Форумның негізгі мақсаты — азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы иммунитетін нығайту.

Іс-шараға прокуратура өкілдері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік басқармасы мамандары, сарапшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері, қаржы пирамидаларының белгілері, жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиена мәселелері жан-жақты талқыланды.

Форум аясында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары мен жеке қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты практикалық ұсыныстар берілді. Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық қауіпсіздік мәселелері өзекті бола түсуде. Сондықтан тұрғындардың ақпараттық және қаржылық сауаттылығын арттыру құқықбұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Ұйымдастырушылар мұндай ағартушылық іс-шаралар халықтың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, заманауи цифрлық қатерлерге төтеп беру қабілетін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Форум Сәтбаев қаласы әкімдігі мен Ұлытау жастары қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

Ұлытау облысы бойынша ЭТТД

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button