Новости

Шығыстан келген музыкалық сый — «Mamma Mia!»

Бұл қойылымның негізін ABBA тобының әлемге әйгілі хит әндері құрайды. «Dancing Queen», «Mamma Mia», «Super Trouper» сынды танымал әндер жанды дауыста орындалып, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ерекше әсер сыйлады. Ән, би және актерлік ойын бір-бірімен үйлесіп тапты, деп жазады Astanalife сайты.

 

Театр әртістері жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, әр образды шынайы әрі әсерлі жеткізе білді. Басты кейіпкерлердің сезімі көрерменге анық жетіп, хор мен балет әртістері қойылымға ерекше серпін қосты. Әсіресе сахнадағы энергия мен жанды орындау көрерменді бірден баурап алды.

 

Залдағы атмосфера да айрықша болды. Көрермендер қойылымды үлкен ықыласпен қабылдап, кей сәттерде ән ырғағымен бірге іштей қосылып отырғандай әсер қалдырды. Спектакль барысында жылы күлкі де, толғаныс та қатар жүріп, әр адам кештен өз әсерін алды.

 

Қойылым соңында көрерменнің тік тұрып қошемет көрсетуі әртістер еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетті. ШҚО драма және оперетта театры үшін бұл елордадағы алғашқы гастрольдік қойылымы дәстүрге айналып жыл сайын елордалықтарды жаңа қойылымдарымен қуантады деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button