Новости

Қаражал қаласында «Конституциялық реформа – қоғамдық диалогтың нәтижесі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Бүгін Қаражал қаласындағы №3 мектептің еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында конституциялық жаңартулардың негізгі мәні түсіндіріліп, олардың қоғам өміріне, құқық қорғау жүйесіне және азаматтардың күнделікті өміріне әсері кеңінен талқыланды.

 

Кездесу аясында ақпараттық-түсіндіру тобы конституциялық реформалардың ел дамуындағы маңызына тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қоғамдағы ашықтық пен сенімді нығайтуға бағытталған өзгерістер жөнінде жан-жақты түсінік берілді.

 

Іс-шара соңында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркін форматта өткен кездесу өзара ашық диалог орнатуға, қоғамдық белсенділікті арттыруға және реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button