Новости
Жаңа Конституция: топтық талқылауда құқықтық сана мен азаматтық белсенділік артты

Жаңа Конституция бойынша талқылау топтық жұмыс форматында ұйымдастырылып, қатысушылар белсенді түрде пікір алмасты. Кездесу барысында Конституцияның негізгі баптары қарастырылып, оның қоғамдағы маңызы мен әр азаматтың өміріндегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Топтық жұмыс кезінде қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, түрлі көзқарастарды ортаға салды. Әсіресе, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыптары қызу талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияға деген құрметті қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту болды.


