Новости
Өскеменде өткен концерттен кейін «МузАрт» тобының солистері Шығыс Қазақстан облысының әкіміне алғыс білдірді.
Сахнада сөз сөйлеген Сәкен Майғазиев көрерменге әсерлі ой тастап, «Әкім болсаң – халықпен бол» @saktaganovnurymbet деген маңызды пікірін жеткізді. Бұл сөз залда отырған жұртшылықтың көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.
Өнерпаздар өңірде мәдениет саласына көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, билік пен халық арасындағы тығыз байланыстың маңызын ерекше атап өтті.
Концерт барысында айтылған бұл ойлар көрермен арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды.


