Новости
«Болашаққа бағдар: Жаңа Конституция» тақырыбында үкіметтік емес ұйым жастармен маңызды кездесу өткізді.

Кездесу барысында ел болашағы үшін аса маңызды құжат – Конституцияның мәні мен маңызы кеңінен талқыланып, жастар өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.
Шара барысында белсенді жастар азаматтық ұстаным, құқықтық сауаттылық және қоғамдағы жауапкершілік жайында пікір алмасып, ел дамуына өз үлесін қосуға дайын екендерін көрсетті. Мұндай кездесулер жас буынның саналы көзқарасын қалыптастырып, мемлекет болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады.
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан олардың жаңа өзгерістерге деген көзқарасы мен қолдауы – ел дамуының басты кепілі.



