Новости
Сәтбаев қаласындағы «Нұрбөбек» балабақшасының қызметкерлерімен «Конституциялық реформалардың өскелең ұрпақтың болашағы үшін маңызы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына, әсіресе жас ұрпақтың болашағына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әділетті қоғам қалыптастыру сынды маңызды мәселелер қозғалды.
Шара барысында балабақша қызметкерлері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара пікір алмасуға, қоғамдағы өзгерістерге деген түсінікті арттыруға мүмкіндік берді.



