Новости

Сәтбаев қаласында Ұлттық спорт күніне орай, Наурыз мейрамының онкүндігі аясында «Дәстүрлі спорт – жаңа мүмкіндіктер алаңы» атты спорттық турнир ұйымдастырылды.

Аталған жарыс ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді. Турнир бағдарламасына қазақтың төл ойындары – асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, гір тасын көтеру және арқан тартыс енгізіліп, қатысушылар өзара тартысты бәсекеде бақ сынасты.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық ойындардың ерекшелігін паш етіп, ептілік пен күш-қайратын, мергендігі мен шеберлігін көрсете білді. Жарыс көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осындай мазмұнды шаралар ұлттық спортты жаңғыртып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button