Новости
Ұлттық киім – ұлт айнасы: дәстүр мен заманауи үйлесімі

Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Ұлытау аудандық Мәдениет үйі Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп, «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты көрме өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімдерді дәріптеу, оларды заманауи тұрғыда жаңғырту және келер ұрпаққа құрметпен жеткізу.
Көрмеге ауылымыздың қолөнер шебері Ж. Бегаева мен музей қызметкері Ш. Дүкенбаеваның қолынан шыққан ұлттық киімдер мен бас киім үлгілері ұсынылды.


