Новости

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңіріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Аудандық коалиция мүшелері Үмбетов Шаяхмет Сейдахметұлы, Қазанбаева Зейпін Зікірқыз және Смағұлов Азамат Сайлауұлы Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің ұжымымен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады.

Отырыста ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар олардың ел дамуына, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны айтылды.

Музей ұжымы көтерілген мәселелерге қызығушылық танытып, пікір алмасып, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

 

#референдум

#референдум2026

#жаңаКонституция

#новаяКонституция

#АтаЗаң

#15наурыз

Басқа жаңалықтар

Back to top button