«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Ұлытау өңіріндегі Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Облыстық коалиция мүшелері Абзал Жиенбаев, Әлібек Исин, Жұлдыз Есмурзина, Ақбаян Нұртазинова өңірдің беделді, салт-дәстүрді дәріптеп, өнеге көрсетіп жүрген аналар қауымымен жүздесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді.
«Жаңа Конституция жобасы неке институтын қорғайды, оны ерлер мен әйелдердің ерікті
және тең құқылы одағы ретінде анықтайды. Аға буын үшін маңызды тармақ
кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституциялық бекітіп отыр, бұл ұрпақтар
сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтастықты күшейтеді және елімізде Қарттар үйінің болмауын қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті спикерлер.
Аналар кеңесінің мүшелеріне 15-наурыз күні өтетін Референдумға әр азаматтың қатысуы маңызды екені айтылды.
#АтаЗаң
#референдум
#ЖаңаКонституция
#15наурыз



