Новости

Қаражал қаласында «Конституция және әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қаражал қаласында «Конституция және әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Қаражал қалалық мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, ел дамуы үшін маңызды мәселелерді талқылады.

Жиынның басты мақсаты – Конституцияға енгізілетін толықтырулардың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту және құқықтық мемлекетті дамыту жолындағы басым бағыттарды айқындау болды.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың негізгі тетіктері, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.

Қатысушылар жаңа нормалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында түрлі ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында нақты бастамалар көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button