Новости

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаевтың Ұлытау облысына сапары Жезқазған қаласында жалғасты.

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында халық қалаулылары Жезқазған байыту фабрикасы мен “Ремстрой” кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 

Кездесуге Өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Ерлан Мырзабеков, коалиция мүшелері де қатысты. Жиын барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Өндіріс ошағының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Депутаттар барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріп, жаңа Конституция жобасын талқылау – әрбір азаматтың белсенді қатысуын талап ететін маңызды үдеріс екенін атап өтті.

 

“3-бапта жоғары

экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты

алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл экология мәселелері аса

маңызды болып табылатын жастардың сауалдарына жауап. Болашақ ұрпақ

алдындағы жауапкершілікті Конституция тұрғысынан мойындау мемлекетті ұзақ

мерзімді экологиялық әсерді ескере отырып, шешім қабылдауға міндеттейді.

Жастар өздері өмір сүретін таза қоршаған ортаға және аумақтардың орнықты

дамуына өз құқықтарын қорғау үшін құқықтық негіз алады”,-деді өз сөзінде сенатор Советбек Медебаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button