Новости

«Конституцияны білесің бе?» – командалық ойыны

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және Конституциямыздың маңызын насихаттау мақсатында «Конституцияны білесің бе?» атты командалық ойын ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында қатысушылар еліміздің Ата Заңы бойынша білімдерін сынап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Ойын тартысты да қызықты өтті. Жастар белсенділік танытып, заңға деген құрметін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button