Новости

Спорт саласының өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Өскемен қаласындағы Теннис орталығында коалиция мүшелері спорт саласының өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Жиын барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістердің қоғам сұранысына сай келетіні және елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына берік негіз қалайтыны атап өтілді.

Кездесуде әсіресе адам өмірі мен денсаулығын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындау, азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау, жастарды қолдау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелері сөз болды. Спорт саласының өкілдері бұл нормалардың бұқаралық спортты дамытуға және жастардың әлеуетін арттыруға оң әсер ететінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық реформа емес, ол – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын стратегиялық бағдар. Спорт саласы – дені сау ұлттың кепілі. Конституцияда адамның өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі – бұқаралық спортты дамытуға, жастарды қолдауға және салауатты өмір салтын нығайтуға берік құқықтық негіз қалайды. Бұл өзгерістер еліміздің бәсекеге қабілетті әрі қуатты мемлекет ретінде дамуына қызмет етеді», – деді коалиция мүшесі Шынар Борангалиева.

Кездесу қатысқан спорт саласының өкілдері Жаңа Конституция жобасын толық қолдайтындықтарын білдіріп, алдағы референдумда белсенділік танытуға дайын екендерін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button