Жезқазған қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған мазмұнды әрі тағылымды дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – Ата Заңымыздың қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсінігін нығайту болды.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихи маңызына тоқталып, оның тәуелсіз еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік негізі екендігін атап өтті. Конституция – мемлекетіміздің басты құжаты ғана емес, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Дөңгелек үстел форматындағы еркін пікір алмасу барысында заң үстемдігі, әділдік қағидаттары, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың рөліне ерекше назар аударды.
Ата Заңымыз – еліміздің бірлігі мен берекесінің тірегі. Сондықтан Конституция талаптарын құрметтеу, заңды сақтау – әрбір азаматтың парызы. Осындай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырары сөзсіз.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі – заң мен тәртіпке, өзара құрмет пен азаматтық белсенділікке тікелей байланысты. Ендеше, Ата Заңымызды ардақтап, оның қағидаттарын күнделікті өмірімізде берік ұстанайық



