Новости

Жезқазған қаласында газдандыру жобасының 4-кезегі іске асырылады

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

 

Биыл Жезқазған қаласында «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырынан тартылатын газ құбыры құрылысының 4-кезегі жүзеге асырылады.

 

Аталған жоба 91–94-шағын аудандар аумағындағы 11 көшені қамтиды. Атап айтқанда, Марғұлан көшесінің жұп жағы және Түсіпбеков көшесінің тақ жағы, сондай-ақ Әуезов – Иманов көшелерінің қиылысынан басталатын Нұрпейісова, Металлургтер, Уәлиханов, Жамбыл, Қазанбаев, Аманбай батыр көшелері және Батыс тұрғын үй ауданы (2-кезек) газбен қамтылады.

 

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

• газ құбырының жалпы ұзындығы – 33 шақырым;

• жобаның жалпы құны – 1,4 млрд теңге;

• шамамен 1100 абонентті газға қосу көзделген, бұл 4400-ге жуық тұрғынды қамтиды;

• жобаны іске асыру мерзімі – ағымдағы жылдың 10 сәуірінен 10 қазанына дейін.

 

Жобаның жүзеге асырылуы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланың инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button