Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы ордалы ойлар мен іргелі сөздерден құралған.

Жолдауда көтерілген бастамалардың әрқайсысы болмасын бұқараның буалдыр болашағын айқындаған тарихи сипатқа ие екендігі айдан анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында цифрландыру мен ЖИ мәселесіне баса мән беріп, жаһанданған заман ағысынан ада қалмай, қарқынды үдетіп бірге жүзуге шақырды. Ол ел келешегін технология бағытында дамыған алпауыт мемлекеттермен иықтас болғанын қалайды. Жалпы, биылғы жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу әскери құрылымдар үшін өзгеше сипат бермек. Елге тигізер шапағаты мол бастамадан әскери жүйенің де ашықтығы артып, әскери сала қайта жаңғырып, қоғаммен байланысы одан сайын етене-тығыз болады деген ойдамын.
Сонымен қатар, жолдау барысында еліміздегі туризм мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі болды. Ал, бөтен елді саяхаттауға бел буған туристер үшін ең басты орында қауіпсіздік мәселесі. Ал, елімізде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жанқиярлық әрекеттері әмбеге аян. Төрткүл әлемнің басын қосқан дүбірлі жиындар болсын, жалпы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын Ұлттық ұлан жауынгерлерінің көпшілік жиналған мерейлі мерекелердің қауіпсізідігін қамтамасыз етуде жанын беріп қызмет ететіндігі баршаға аян. Өткен жылы еліміз төрткүл дүниені өзіне қаратып халықаралық саммит ұйымдастырды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті жоғары деңгейде өтті. Елордадағы қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері аттанған болатын. Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке кіріскен ұландықтар санаулы күннің ішінде едәуір қылмыстың бетін ашып, бас қаланың қауіпсіздігін кірпік қақпай күзетті. Елімізге шет елден келген меймандардың қымсынбай, қорықпай, емін-еркін жүруі үшін әрбір тиісті аймақты жіті қадағалауда ұстады. Құқықтық тәртіп әскері шаһарлардың тарихы мен мәдениетін тамашалаймын деген туристерге қорған болып ғана қоймай, жол сілтеп, бағыт беруден де қалыс қалған емес. Мемлекет басшысының Қазақстан халқынына жолдауының өзіндік ерекшеліктері өте көп болды. Ұлттық ұлан жауынгерлері жолдауды бірауыздан қолдап, өзімізге тиесілі сәттерін қалт жібермей, орындайтынымызды жеткізгім келеді.
Ұлттық ұланның «Шығыс»» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев