Регионы

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша және қоғамның сұранысына жауап ретінде, азаматтардың — әсіресе әйелдер мен осал топтардың — жеке шекаралары мен өмірін қорғауға бағытталған маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды.

📌 Не өзгерді?

 

🔸 Сталкингке (құмарта қудалау) қылмыстық жауапкершілік енгізілді — енді бұл қылмыс болып саналады!

Адамның еркіне қарсы қудалау, аңду немесе байланыс орнатуға әрекеттену үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

 

🔸 ҚР ҚК 125-бабындағы бұрынғы құқықтық саңылау алынып тасталды: енді ұрланған адамды ерікті түрде босатқан күннің өзінде де ұрлаушы жауапкершіліктен босатылмайды.

 

🔸 Жаңа бап енгізілді — некеге мәжбүрлеу (ҚР ҚК 125-1-бап):

▪️ 2000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

▪️ ауыр жағдайда — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

▪️ ауыр зардаптарға әкелген жағдайда — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

 

⚖️ Бұл өзгерістер — әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бостандық пен жеке өмірге қол сұғушылық үшін жазаны күшейту жолындағы маңызды қадам.

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зулхаиров Ренат

 

#ҰлттықКомиссия

#UlttyqKomissiya

#НацКомиссия

Басқа жаңалықтар

Back to top button