VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бәсекесінің финалистері анықталды. 6 қыркүйек күні Қазақстан мен Қырғызстан ұлттық құрамалары чемпиондық атақ үшін шешуші сынға түседі.
Ыстықкөл төріндегі дүбірлі додада Қазақстан құрамасы Ресей мен Мажарстан командаларынан басым түсіп, өз тобында көш бастады. Жеңісті жолын жалғаған көкпаршыларымыз ақтық сынға сенімді түрде жолдама алды.
Ал алаң иелері Қырғызстан құрамасы Өзбекстан, Моңғолия және Ауғанстан командаларын жеңіп, өз тобында үздік атанды.
Бүгін қола жүлденің тағдыры да шешілді. Ресей мен Өзбекстан арасындағы тартысты кездесу 5:4 есебімен аяқталып, Ресей құрамасы үшінші орынға ие болды.
Енді барша жанкүйер асыға күткен басты бәсеке алда! Қазақ пен қырғыз көкпаршылары алтын жүлде үшін атқа қонады. Бұл — қос құраманың шеберлігі мен намысы сыналатын шешуші дода!
📅 6 қыркүйек | 11:00 (Қазақстан уақытымен)
ҚАЗАҚСТАН — ҚЫРҒЫЗСТАН
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры



