Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы келісімге қол қойды

🤝Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында қол қойылған Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді алмасу рәсімі өтті

 

🔹Құжат жаһандық көлік-логистика тізбегі өзгеріске ұшыраған қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (Орта дәліздің) орнықты қызмет етуі мен кешенді дамуына арналған ортақ құқықтық негізді қалыптастырады.

 

🔹Келісім тараптардың инфрақұрылым қуатын кеңейтуін, бағыт бойындағы теміржол, автокөлік және порт аумақтарының осал тұстарын реттеуді, сондай-ақ Каспий айдынында теңіз түбін тереңдететін флот пен теңіз тасымалын бірлесе дамытуды қамтамасыз етеді.

 

🔹Құжаттың негізгі бөлімі көлік саласын ауқымды цифрландыруға арналған. Бұл ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, «бір терезе» қағидатын енгізуді, жүк қозғалысын толықтай қадағалауды, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану туралы жеке келісім жасасуды қамтиды.

 

🔹Бұдан бөлек, келісім өзара алдын ала ақпараттандыру, тексеруді азайту және өкілетті экономикалық операторлар мәртебесін тану арқылы әкімшілік, шекаралық және кедендік үдерістерді айтарлықтай жеңілдетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button