Жаңалықтар

– Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді

Berlin Today сарапшылары: Қазақстан Тоқаевтың басшылығымен Орталық Азияның ірі экономикасы мәртебесін сақтап келеді

 

Мұндай тұжырымды танымал Berlin Today басылымының сарапшылары жасап отыр. Өз мақаласында олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен бергі жеті жыл ішінде Қазақстанның қалай өзгергенін талдаған.

 

Табыстың басты факторы ретінде авторлар ел экономикасының өңірде салмақты ұстанымын жалғастыруын және сонымен бірге дамудың келесі кезеңі үшін экономикалық және әлеуметтік негіздердің қалыптасуын көрсетеді.

 

Мысал ретінде мақала авторлары Дүниежүзілік банктің зерттеулерін келтіріп отыр, оған сәйкес 2025 жылы Қазақстанның номиналды ЖІӨ шамамен $306 млрд-ты құрады. Салыстыру үшін айтсақ, Өзбекстан экономикасы шамамен $147 млрд-қа, ал Қырғызстан экономикасы $22,6 млрд-қа бағаланды.

Сонымен қатар Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің анағұрлым жоғары көрсеткіші, жинақталған инвестициялық капиталы, дамыған қаржы секторы және халықаралық бизнес үшін инфрақұрылымы бар.

 

Мұның бәрі Қазақстанның өңірлік экономикадағы ерекше рөлін айқындайды. Орталық Азияның бірнеше нарықтарымен бір мезгілде жұмыс істегісі келетін компаниялар үшін бұл елдің алаң ретінде қызмет еткен кездері аз емес.

 

Неміс сарапшылары Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасқанын атап өтті. Республика Қытай, Ресей, Каспий аймағы, Кавказ және Еуропа арасында еуразиялық көлік маршруттарын дамытуға қатысып отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өңірлік экономикалық және логистикалық алаң ретіндегі рөлін айтарлықтай нығайта түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button