Жаңалықтар

🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АДАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жазғы демалыс кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін қорғаудың басты шарттарының бірі.

 

Қазақстан Республикасының Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, азаматтар суға шомылу кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті. Шомылуға арнайы жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда суға түсуге болмайды.

 

⚠️ Есте сақтаңыз:

 

* тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;

* тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;

* балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;

* мас күйінде суға түсуге жол бермеңіз;

* таныс емес, тереңдігі белгісіз жерлерде жүзбеңіз;

* қауіпсіздік белгілері мен құтқарушылардың ескертулерін қатаң сақтаңыз;

* қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүргенде қауіпсіздік талаптарын орындаңыз.

 

📌 Заң талабы: Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау, егер әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Су – демалыс орны ғана емес, қауіп көзі де болуы мүмкін. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас өкінішке әкелуі ықтимал.

 

Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді және жақындарыңның өмірін қорғау!

 

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

#ЗАКОНИПОРЯДОК

#СУДАҒЫҚАУІПСІЗДІК

Басқа жаңалықтар

Back to top button