Жаңалықтар

Жезқазғанда тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жезқазған қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуде.

 

Рейд барысында азаматтарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және санитариялық талаптарды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заң талаптарын сақтап, қоршаған ортаны қорғауға бірге үлес қосайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button