Жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жүріп жатыр.

7 тамыздан бастап қазақстандықтар сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін және жеке деректерінің дұрыс көрсетілгенін тексере алады.

 

Әрбір азамат сайлаушылар тізіміне енгізілмеген, қате енгізілген, тізімнен шығарылған немесе тегі, аты-жөні мен басқа да деректерінде қателік кеткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына жүгінуге құқылы.

 

Азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметті және дауыс беретін учаскесінің мекенжайын жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары арқылы қашықтан біле алады. Сонымен қатар сайлаушылар тізіміне енгізілу туралы ақпарат облыстар, қалалар және аудандар әкімдіктері жанынан құрылған call-орталықтар арқылы да ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button