Жаңалықтар

🟦 Қызылордада Ұлттық ұланның 200 жас сарбазы әскери ант қабылдады  

​Қызылорда қаласындағы «Президент саябағында» Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің 200 жас сарбазының әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

​Салтанатты іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Б. Жаханов, облыс прокуроры Р.Ожаров, әскери проркурор Р.Снопов және сала ардагері С.Ршауов, әскери бөлімнің басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.

​Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, сарбаздар салтанатты сапқа тұрғызылып, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Облыс әкімінің орынбасары әскери қызметте үздік нәтиже көрсеткен 10 жас сарбазға облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

​Шара барысында қонақтарға әскери бөлімнің қару-жарағы мен арнайы техникалардың көрмесі таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button