Жаңалықтар

Катонқарағай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 тонна қоқыс шығарылды

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Табиғатты қорғауға бағытталған шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен аудан тұрғындары белсене қатысты.

 

Экологиялық акцияның ашылуында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Айтас Нұрқас сөз сөйлеп, қатысушыларды республикалық бастаманың басталуымен құттықтады. Ол қоршаған ортаны қорғау мен туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, игі іске үлес қосқан тұрғындарға алғыс білдірді.

 

Акция барысында қатысушылар аудан көшелерін, қоғамдық орындарды, бұлақтардың маңын және жол жиектерін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ортақ мақсатқа жұмылған тұрғындар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тазалық жұмыстарына 300 адам жұмылдырылып, 3 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 3 тонна қоқыс шығарылды.

 

Акцияның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және елді мекендердің тазалығын сақтауға үндеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button