Жаңалықтар
Trending

«Каппадокия ертегісі» сериалы желіде хитке айналды: 10 күнде 49 миллион қаралым

Түркияның табиғаты мен тарихын кино тілімен ұштастырған GoTürkiye платформасы әлемдік деңгейдегі кезекті туындысын таныстырды. 1,5 миллиардтан астам қаралым жинаған «Ыстанбұл хикаясы» сериалының сәттілігінен кейін, жобаның жалғасы ретінде жарық көрген «Каппадокия ертегісі» цифрлық платформаларда нағыз хитке айналды. Ресми тұсаукесерден кейінгі небәрі 10 күннің ішінде туынды 49,6 миллион қаралым жинап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Аталған туынды Түркияның туристік бағыттарын тартымды хикая арқылы таныстыру стратегиясының бір бөлігін құрайды. Қазіргі уақытта сериал әлемнің 25 елінде көрсетіліп жатыр. Оқиға желісі көрерменді Ыстанбұлдың шулы көшелерінен Каппадокияның ЮНЕСКО мұралары тізіміне енген тылсым табиғатына жетелейді.

Сюжет бойынша басты кейіпкерлер Селим мен Дуру Каппадокияға бал айына келеді. Алайда олардың саяхаты күтпеген жұмбақтар мен қызықты оқиғаларға ұласады. Кадрлардан айбынды Учхисар бекінісін, таңғажайып Қызыл аңғар мен Махаббат аңғарын, сондай-ақ Каппадокияның символына айналған әуе шарларын көруге болады.

Айта кетерлігі, жобаның режиссері — халықаралық «Эмми» сыйлығының иегері Хилал Сарал.

Айта кетейік, GoTürkiye әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында. Платформаның жалпы аудиториясы 20,8 миллионнан асып жығылады. Әсіресе YouTube пен TikTok арналарында Түркияның ұлттық туристік аккаунты танымалдылығы жағынан бірінші орында тұр.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар елдің өзге де аймақтары туралы осындай қызықты хикаяларды түсіруді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button