Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде шағын жинақты ауыл мектептерін қолдау мәселесі айрықша назарда қала береді. Жарлықты іске асыру аясында Үкімет 2026 жылғы 1 маусымға дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны жүзеге асыру және оны кейіннен кеңейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуі тиіс.
Аталған жаңашылдықтар қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған.
Пилоттық жобаға еліміз бойынша 2600-ден астам шағын жинақты ауыл мектептерінің ішінен 500 мектеп қатысады. Бұл нақты жағдайларда ең тиімді цифрлық және жасанды интеллект шешімдерін сынақтан өткізуге, олардың білім сапасына және мектептерді басқару процестеріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша тиімді тәжірибелер барлық білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен масштабтандырылады. Мұндай тәсіл технологияларды өңірлік ерекшеліктерге, ең алдымен ауылдық аумақтардың нақты қажзеттілігіне бейімдеуді қамтамасыз етеді.



