
14-15 сәуір күндері Түркия Республикасының Вице-президенті Жевдет Йылмаз Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар аясында екі ел арасындағы сауда, экономика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.
Бағдарлама бойынша Жевдет Йылмаз Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесіп, Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысына қатысады. Сондай-ақ мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы күтілуде.
Сапар соңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.



