ЖЕЗҚАЗҒАНДА 12 ОРАМДА ОРАМІШІЛІК ЖОЛДАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

2026 жылы жалпы ауданы 99,8 мың шаршы метрді құрайтын 12 орамда орамішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Күрделі жөндеу жүргізілетін орамдар:
• №1 ықшам аудан
• №2 ықшам аудан
• №3 ықшам аудан
• №4 ықшам аудан
• №5 ықшам аудан
• №1 орам
• №10 орам
• №15 орам
• №19 орам
• №26 орам
• №29 орам
• №61 орам
Қазіргі уақытта 6 орам бойынша нақты жұмыстарды бастауға дайындық кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, №1, №10, №15, №19, №29 және №61 орамдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама сараптаманың оң қорытындысын алды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижесінде мердігер ұйымдар анықталды.
Ал қалған 6 орам бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бұл нысандар бойынша сараптама жұмыстары 2026 жылғы мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр.



