Тақырыбы: Тұтынушы құқықтарының мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргізу жөніндегі есеп

2026 жылғы 20 наурызда Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулетбаев Жасұлан Айтуғанұлының қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында спикер 2025 жылдың басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерін баяндады.
Атап айтқанда, есепті кезеңде департаментке азаматтардан барлығы 403 өтініш келіп түскен. Оның ішінде:
- «Е-өтініш» жүйесі арқылы – 180 (44,67%),
- жедел желі арқылы – 165 (40,94%),
- азаматтарды жеке қабылдау барысында – 17 (4,22%),
- Telegram-бот арқылы – 41 (10,17%) өтініш тіркелген.
Өтініштердің басым бөлігі тұрмыстық қызметтер, байланыс қызметтері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты болған. Сонымен қатар, электрондық және бөлшек сауда саласындағы шағымдар өзектілігін сақтап отыр.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуінің негізгі себептері – көрсетілген қызмет сапасының төмендігі, күтілген нәтижеге қол жеткізбеу және тұтынушыларға толық әрі нақты ақпараттың ұсынылмауы.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде 2025 жылдың басынан бері 42 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде:
- 27 әкімшілік айыппұл салынды,
- 15 ескерту берілді.
Бюджетке өндірілген қаражат көлемі 786 120 теңгені құрады. Сонымен қатар, тұтынушылардың пайдасына 90 087 544 теңге қайтарылған.
Заңнама талаптарын бұзғаны үшін бірқатар кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:
- ақпарат орналастыру талаптарын бұзғаны үшін 39 кәсіпкер,
- шарт талаптары арқылы тұтынушылардың құқықтарын шектегені үшін 3 кәсіпкер,
- тұтынушының жазбаша шағымына жауап бермегені үшін 1 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, департамент 2025 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 14 сот процесіне үшінші тарап ретінде қатысты.
Брифинг барысында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де ұсынылды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, халықтың 91%-ы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның бар екенін біледі. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу шараларына деген сенімнің артқаны байқалады.
Ұлытау облысында коммуналдық қызметтерге қанағаттану деңгейі орташа деңгейде қалып отыр, ал байланыс қызметтері бойынша тұрғындардың шағымдары әлі де өзекті. Жалпы құқық бұзушылықтарға тап болғандардың үлесі 38%-ды құрады.
Спикердің айтуынша, азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуы мен белсенділігінің өсуі – оң үрдіс. Бұл өз кезегінде нарықтағы ашықтықты арттырып, сапалы қызмет көрсету мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында алдын алу, түсіндіру және бақылау жұмыстарын одан әрі күшейтуді жалғастырады.



