Жаңалықтар
Бүгін Қаражал қаласында «Конституциядағы өзгерістерді білесіз бе?» тақырыбында блиц-сауалнама ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында қала тұрғындарына еліміздің Негізгі заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалды.
Блиц-сауалнама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамда Конституциялық реформалардың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Қала тұрғындары белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және ел дамуына қатысты маңызды өзгерістерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.



