Жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кезекті кездесу “Жезқазған ТЭК” ЖШС өтті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік мүшелері — Оразалы Бақырбаев, Жұлдыз Есмурзина, Ақансері Сүлейменов мекеме қызметкерлеріне жаңа конституциялық баптар мен тармақтардың мәнін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында еңбеккерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ашық диалог халықтың құқықтары мен міндеттерін түсінуіне және ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік береді.



