Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында Жаңаарқа ауданында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Аталған бағытта коалицияның Жаңаарқа аудандық төрағасы, «AMANAT» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының төрағасы А.Б.Түсіпов, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Қ.Мұқанов және Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты Р.Т.Смағұлова Б.Амалбеков атындағы тірек мектебі КММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығы түсіндіріліп, оның ел болашағы үшін стратегиялық рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны айтылды.

 

Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button