ҚоғамМәдениет
Trending

Ұлытау ауданында Мұхтар Қапышұлы Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған патриоттық іс-шара өтті

Ұлытау аудандық орталық кітапханасында Армия генералы, Халық қаһарманы, Ұлытау облысының Құрметті азаматы Мұхтар Қапышұлы Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің абыройын арттыруға, елдің қорғаныс қуатын нығайтуға үлес қосқан тұлғаның өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау және дәріптеу.

Салтанатты жиынға Ұлытау ауданының орталық кітапханасының оқырмандары, зейнеткерлер, аудан полиция бөлімінің қызметкерлері, ішкі саясат бөлімі, тарихи-өлкетану музейі және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Іс-шара Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары А. Қайрбектің құттықтау сөзімен ашылды.

Қонақтар Мұхтар Қапышұлының өмірлік және қызметтік хроникасын бейнелейтін бейнесюжетті тамашалады. Сондай-ақ шара барысында жүрек жарды лебіздерін білдірген қонақтар да сөз сөйлеп, өнегелі тұлғаның ерен еңбегін дәріптеді. Олардың арасында:

  • Ұлытау ауданының ішкі істер бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Х. Ержанов,
  • зейнеткер, ұлағатты ұстаз Ш. Құсайынқызы,
  • ауыл еңбеккерлері мен ауылшаруашылығы салалық кәсіподағының облыс бойынша төрағасы М. Оспанов,
  • Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Баймағанбетов,
  • аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Тәшенов,
  • қорғаныс істер бөлімінің бастығы, майор Д. Сәрсенбеков,
  • тарихи-өлкетану музейінің басшысы Р. Шынбергенов болды.

Шара аясында қонақтар аудандық кітапхана дайындаған ашық сөздермен және тарихи-өлкетану музейінің фото көрмелерімен танысты. Бұл іс-шара арқылы жастар мен тұрғындар Ұлытау өңірінің тарихи тұлғалары мен патриоттық дәстүрлерін тереңірек түсініп, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік алды.

Кеште мәдениет үйінің әншілері Ж. Рашит, Г. Сыздықова, М. Жұмабаевтар патриоттық әндермен іс-шараны сәндендіріп, қатысушыларға рухани серпін сыйлады. Бұл бастама өңірдегі патриоттық тәрбие, еңбекқорлық пен ұлттық құндылықтарды насихаттау ісіне қосылған маңызды үлес болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button