Жаңалықтар

Ұлытау облысында отбасы институтын нығайту және әкелердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған форум өтті

Ұлытау облысында отбасы институтын нығайтуға және әкелердің қоғамдағы рөлін арттыруға арналған Облыстық әкелер форумы сәтті өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әкенің мәртебесін көтеру, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін кеңінен насихаттау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту мәселелерін кеңінен талқылау болды.

Форумды ұйымдастыруда Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Зина Ақылбекованың қолдауы зор болды. Оның бастамасымен өткізілген шарада заманауи қоғамдағы отбасы мен әке рөліне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Форум барысында спикерлер бала тәрбиесіндегі заманауи әдістер, әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру жолдары бойынша кең көлемді баяндамалар жасады. Іс-шараға қатысқан мамандар өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, практикалық кеңестер берді.

Шараға спикер ретінде:

  • Айтмағанбет Мақсұтбек Дүйсенбекұлы – Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
  • Достияров Жасұлан Бейсенбекұлы – Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы,
  • Хошимов Жахонгир Учкунович – облыстық көпсалалы аурухананың дәрігер-урологы,
  • Өткелбаев Ербол Серікұлы – Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник,
  • Байзақова Інжутас Әбенқызы – Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары,
  • Баянбекова Айнұр Есенгелдіқызы – Сәтбаев қаласы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
  • Кенжебаева Айжан Бекболатқызы – Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар облыс көлемінде әкелер қозғалысын дамытуға, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ әкелердің қоғам өміріне белсенді араласуын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қабылдады. Бұл іс-шараның нәтижелері әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда, отбасы институтын қолдауда және болашақ ұрпаққа дұрыс құндылықтар мен тәрбиелік үлгілерді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button