SOS-батырмасынан жүргізушілерді оқытуға дейін: inDrive қауіпсіз саяхат мәдениетін қалай дамытады

Талқылауға “Жаңа адамдар” қозғалысының, Sezim сервисінің өкілдері, сондай-ақ қалалық мобильділік саласындағы пікір көшбасшылары қатысты
inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы қалалық және қалааралық сапарлардың қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Талқылауға қалалық мобильділік және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде белсенді ат салысатын танымал пікір көшбасшылары: Роза Әшірбаева, Глеб Пономарев, Айдана Айдархан және Руслан Тай, сондай-ақ “Жаңа адамдар” қозғалысының азаматтық белсенділері мен Sezim психологиялық көмек сервисінің өкілдері шақырылды.
Сарапшылар Қазақстандағы сапарлардың қауіпсіздігін арттыруға қандай шаралар көмектесетінін талқылап, заманауи технологиялар мен сервистер, пайдаланушылар мен мемлекет арасындағы тығыз серіктестік шешуші рөл атқаратынына келісті.
Қауіпсіз сапардың бес компоненті
Сарапшылар қауіпсіз сапардың бес негізгі факторларын атап өтті:
- көліктің техникалық жағдайы,
- сапар барысын бақылау мүмкіндігі,
- жүргізушінің кәсібилігі,
- сапар кезінде жайлылық шарттары мен
- жол инфрақұрылымы.
Автокөліктің техникалық жағдайы
inDrive қазіргі уақытта платформа тиісті мемлекеттік басқарушы орган берген автокөліктің техникалық жағдайы туралы құжаттарды тексеріп, машиналарға тұрақты фотобақылау жүргізіп, ІІМ мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің талабы бойынша платформадан барлық оң рульдік автомобильдер шығарылды. Жақсартулар ретінде маусымға сәйкес шиналарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабарламалар ұсынылды.
Сапарды бақылау
“Мені қыз ретінде бірінші кезекте және шынымен қызықтыратын нәрсе – бұл сапарды техникалық тұрғыда бақылау және сапардың координаттарын туыстарыма жіберу мүмкіндігі. SOS түймесі және гео-локациямды жақын адамдармен бөлісу сияқты мүмкіндіктердің бар екеніне қуаныштымын”, – деп түсіндірді блогер Айдана Айдархан.
Жүргізушінің кәсібилігі
Глеб Пономаревтің сөзі бойынша, жылдамдық режимін сақтамайтын жүргізушілер жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. inDrive өкілдері 2025 жылдың соңында жылдамдық пен жүргізушінің жұмыс сағат санын реттеу функцияларын енгізу жоспарларымен бөлісті. Бұл жаңарту Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің талабы бойынша іске асырылды.
Сапар жайлылығы
“Жаңа адамдар” жастар қозғалысының өкілі Ғалия Тузель: “Менде әр түрлі такси қызметтерін үнемі тексеріп отыратын қыздар тобы бар. Бүгін компания жолаушылардың пікірлерін мұқият қадағалап, белсенді шаралар қабылдап жатқанын біліп, мен бұл қызметті одан әрі білгім келді. Сонымен қатар, қолданбада сапардың ұсынылған бағасының болуы – артық ақша төлемеудің тамаша мүмкіндігі”, – деп атап өтті.
Жол инфрақұрылымы
inDrive–тың ҚазАвтоЖолмен серіктестігі арқылы жүргізушілерге де, жолаушыларға да ауа-райына немесе жөндеу жұмыстарына байланысты жолдардың жабылуы туралы жедел хабарландыру қызметі қалааралық сапарларды жоспарлаудың мүмкіндік береді.
“Менің ойымша, қауіпсіздіктің негізгі аспектісі — бұл пайдаланушыларға барлық қол жетімді мүмкіндіктер туралы ақпарат пен тұрақты байланыстың болмауы. Мұндай кездесулер бізге сапар индустриясы, сонымен қатар күн сайын жасалатын үлкен жұмыс туралы көбірек білуге көмектесіді. inDrive бренд ретінде тек жолаушылардан ғана емес, біздің қоғамның белсенді қатысушыларынан да кері байланыс жинайтыны мені қатты қуантады“, – деп қорытындылады блогер Руслан Тай.
Сапар индустриясының өсу мүмкіндіктері
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар қауіпсіздікті арттыру үшін бірқатар қадамдар ұсынды:
- Жүргізушілерге арналған тұрақты білім беру курстары;
- Жол желісінің проблемалық учаскелерін (шұңқырлар, белгілеу/жарықтандырудың болмауы) анықтау және жою үшін сапар қызметтері мен қала органдары арасындағы тығыз ынтымақтастық;
- Жолаушыларды қабылданған шаралар туралы хабардар ету.
“Технология саласының белсенді шолушысы ретінде мен inDrive Қазақстанда түрлі әлеуметтік жобалар жасап жатқанын және компанияның басқа елдерде қызықты шешімдері бар екенін білемін. Маған inDrive өзінің әділетсіздікке қарсы күрес миссиясын қалай ұстанатыны және көптеген мәселелерге, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелерге де этикалық тұрғыдан қарайтыны өте ұнады. Мысалы, жүргізушілерге арналған білім беру бағдарламалары – бүкіл Қазақстан бойынша сапарлардың қауіпсіз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жоба“, – деп түсіндірді Роза Әшірбаева.
Нәтижелер мен болашақ жоспарлар
“Қауіпсіздік – inDrive-тың басымдығы. Біз сапарлардың қауіпсіздігі тек технологиялық шешімдер ғана емес, сонымен қатар сервис, жүргізушілер, жолаушылар және қалалық құрылымдар арасындағы жауапты әріптестік мәселесі екеніне сенімдіміз. Қауіпсіздік сервис, жүргізушілер, жолаушылар мен қала арасындағы диалогта ұжымдық түрде құрылады“, — деп атап өтті Қазақстандағы inDrive бизнес басшысы Арай Бекембаев.
Сервис қауіпсіздік стандарттарын қалыптастыру кезінде кездесуде айтылған ұсыныстар мен идеяларды пайдалануды жоспарлап, қазақстандықтардың мүддесі үшін тасымалдау саласын дамытуды ынталандыру мақсатында осындай кездесулерді тұрақты негізде жалғастырады.



