«Жолдаудың әр сөзі ел болашағымен тікелей байланысты» айдарымен «Жолдау ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді»

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжат. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру, экономика мен әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған нақты міндеттер айқындалды. Жолдау – елдің ертеңіне сенім ұялатып, қоғамның барлық саласын біріктіретін күш.
Президент айқындаған басым бағыттар – әділетті қоғам құру, тиімді басқару жүйесін қалыптастыру және жаңа экономикалық серпін беру. Әсіресе, өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім мен медицина саласына ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар ел әлеуетін көтеріп, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жолдаудың ең басты мақсаты – әр қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту және ел бірлігін нығайту. Елдің дамуы мен өркендеуі – әр азаматтың белсенді қатысуына тікелей байланысты. Сондықтан Жолдау жүктеген міндеттерді орындау баршамыздың ортақ борышымыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан жаңару мен өзгеріс жолына түсті. Әр салада жаңа жобалар іске асырылып, ел экономикасы тұрақты өсімге бағыт алып келеді. Жолдау – ел болашағына бағытталған нақты іс-қимылдың жоспары. Бірлік пен еңбектің арқасында Жаңа Қазақстанның жарқын келешегі айқын болмақ.
Ізтөлеуов Дәурен Досымұлы,
Жаңаарқа ауданы мәслихатының депутаты, №1 лицей директоры самбодан Азия чемпионы



