Аймақтар

Активтерді қайтару жөніндегі комитет енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады — Жолдау

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

Инвестицияға тапсырыс өндірістің сұранысына сай жасалуы керек. Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы, қағазбастылық көп, түрлі адамдардың құзыреттері қайталанады. Ал қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министр министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе — елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеу тапсырылды.

— Менің ойымша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетін Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп атаудың уақыты келді. Бас прокуратура заңсыз активтердің иелерімен жақсы жұмыс істегенін атап өткен жөн. Қазынаға 850 млрд теңгеге жуық қайтарылды. Осы қаражат 10 мектеп пен төрт спорттық нысанды салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жаңғыртуға бағытталды. Республикалық бюджетке тағы да қосымша қаражат түсетіні ескерілген, — деді Президент.

Басқа жаңалықтар

Back to top button