Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Алматыда Alternativa Film Days мәресіне жетті: Азия мен Латын Американың әлеуметтік киносы

Алматыда Alternativa жобасының тағы бір бастамасы – inDrive компаниясының қолдауымен өткен Alternativa Film Days атты тегін кинокөрсетілімдер мен импакт-дискуссиялар сериясы өз мәресіне жетті. Негізгі бағдарлама 14–21 тамыз аралығында ARTиШОК театрының Үлкен сахнасында және Almaty Creative Hub-тың Трансформа кеңістігінде өтті. Alternativa Film Days көрсетілімдерін 1600 адам тамашалады.

Көрермендер Азия мен Латын Америкасының 27 фильмін тамашалады. Олардың басым бөлігі Alternativa Film Festival 2024 фестивалінің шорт-листіне енген және жүлдеге ие болған көркем және деректі картиналар болды. Олардың қатарында Қазақстаннан («Мадина» – Айжан Қасымбек), Қырғызстаннан («Дар» – Дальмира Тилепберген), сондай-ақ Үндістан, Непал, Бангладеш, Индонезия, Ираннан келген фильмдер бар. Сонымен қатар көрермендер Alternativa кинолабораторияларының қатысушылары түсірген жұмыстарды да көрді, атап айтқанда Alternativa Development Lab 2023 түлегі Жанна Құрмашеваның «Біз мұнда өмір сүреміз» фильмі және Alternativa Teen Lab 2024 аясында Ташкенттік жасөспірімдер түсірген қысқаметражды туындыларын тамашалады. Бағдарламада сондай-ақ Alternativa серіктестері – Мексика мен Колумбия режиссерлерінің фильмдері ұсынылды. Айта кетейік, 2026 жылы Alternativa Film Festival келесі жолы дәл осы Колумбияда өтеді.

Биыл Alternativa Film Days картиналарын алғаш рет онлайн көруге мүмкіндік туды — Freedom Media платформасында қазірдің өзінде Alternativa Collection топтамасынан таңдалған фильмдерді тамашалауға болады. Жаңа көрермендер үшін Freedom Media арнайы ұсыныс әзірледі. ALTERNATIVA промокодын қолданған адамға бір айлық жазылым құны небәрі 5 теңге.

Alternativa Film Days көрсетілімдерінің соңы импакт-дискуссияларға ұласып отырды. Онда сарапшылар мен көрермендер фильмдерде көтерілген қоғамдық маңызы бар тақырыптарды талқылап, мәселелерді шешудің жолдарын бірге іздеді. Импакт-дискуссияларға 320-дан астам адам қатысты.

Alternativa Film Days аясында сарапшы, модератор және қонақ ретінде кәсіпкер, TEDx спикері Роза Аширбаева, актриса әрі тележүргізуші Айнұр Ильясова, журналист, подкаст-продюсер және OY-DETOX жобасының авторы Әйнел Әмірхан, ақын Айрин Мәсімхан, журналист Зарина Ахматова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Жанна Уразбахова, психолог Мадина Магауя, стендап-комик әрі сценарист Думан Бейсен, эколог, ЭкоМузейдің негізін қалаушы және даму директоры Дмитрий Калмыков және тағы басқа мамандар қатысты.

Биылғы Alternativa Film Days бағдарламасына кино саласындағы импакт тақырыбына арналған паблик-токтар сериясы да енді. Ол Alternativa-ның тағы бір бастамасымен — Орталық Азиядан келген кинопродюсерлер мен белсенділерге арналған Impact Distribution Lab кинолабораториясымен тығыз байланысты. Лаборатория осы жылдың күзіне жоспарланған және ол импакт-дистрибуцияға — қоғамда оң өзгерістер жасауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар фильмдерді ілгерілету мен таратудың стратегияларына арналады. Халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен қатысушылар фильмдерді ілгерілетудің іске қосуға дайын импакт-стратегияларын әзірлейді, ал ең әлеуетті жобаларға консультациялық қолдау көрсетіледі. Impact Distribution Lab-қа өтінім қабылдау қазірдің өзінде ашық және 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысу тегін.

2026 жылы Alternativa фестивалінің Байқау бағдарламасын қалыптастыру халықаралық Іріктеу комиссиясының қолына өтеді. Оның құрамына Латын Америкасынан, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азиядан және өзге де өңірлерден келген кураторлар, бағдарлама іріктеушілері мен әлеуметтік ықпал саласындағы сарапшылар енді.

Фестивальдің бастауы Қазақстаннан шыққан, осы жерден халықаралық кеңістікке жол алды. Келесі өткізу елі — Колумбия, онда Alternativa Латын Америкасының кинематографына басымдық береді.

«Альтернатива» фестивалі әлеуметтік киноға, яғни әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылатын кинематографқа басымдық береді. Іріктеу комиссиясының құрамында болып, ең маңызды картиналарды көпке таныту — мен үшін үлкен мәртебе. Азия мен Латын Американың арақашықтығы мен айырмашылықтарына қарамастан, менің ойымша, олардың ортақ бір ерекшелігі бар, ол — кино тілін жасаудың құралдарының бірі саналатын «магиялық реализм». Жақын арада бұл құрал әлі де жұмыс істей ме, әлде оның орнын заманауи жаңа тәсілдер басты ма, соны көретін боламыз», — деп пікір білдірді кинотанушы, киносыншы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті әрі фестивальдің Іріктеу комиссиясының мүшесі Гүлнара Әбікейева.

###

Alternativa — халықаралық коммерциялық емес жоба, оны жаһандық технологиялық компания inDrive 2023 жылы іске қосты. Жобаның мақсаты — әлемді жақсы жаққа өзгертуге әлеуеті бар еңбектерін ұсынатын Глобалдық Оңтүстіктегі кинематографшыларды қолдау және дамыту. Жобаның миссиясы — әлеуметтік ықпал тақырыбында жұмыс істейтін авторлардың халықаралық деңгейде танымалдығын арттыру және олардың фильмдерінің кең әрі алуан түрлі көрерменге жетуіне жәрдемдесу. Шынында өзгеріс әкелетін оқиғаларды қолдай отырып, Alternativa өңірлік шекараларды еңсеріп, жергілікті қауымдастықтардың дауысын күшейтеді және қоғамдағы оң әлеуметтік өзгерістерге үлес қосады.

inDrive — көлік және қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа. inDrive қосымшасы 280 миллионнан астам рет жүктелген және соңғы үш жыл қатарынан мобильділік саласындағы жүктеу саны бойынша екінші орынға ие болып келеді. Жолаушы тасымалы қызметінен бөлек, inDrive қызметтер тізімін кеңейтіп, оған қалааралық тасымалдарды, жеткізуді және қаржылық сервистерді қосуда. 2023 жылы компания New Ventures — венчурлік және M&A-бөлімшесін іске қосты.

inDrive 48 елдің 982 қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын басшылыққа ала отырып, компания 2030 жылға дейін бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуді мақсат тұтады. inDrive бұл мақсатқа әділ баға белгілеу үлгісі арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын негізгі бизнесі де, сондай-ақ импакт-бөлімшесінің жобалары арқылы да жетуді көздейді. inDrive-тың қауымдастықтарды дамыту бағдарламалары білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және өзге де маңызды бастамаларды ілгерілетуге ықпал етеді. Толығырақ мына сайтта: www.inDrive.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button