Аймақтар

Депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылыстарымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары Сұлтан Көшенов, Нұржан Әшіров, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден Қапалбаев, Төрегелді Қалмұратов, Талғат Қаржауов, Сайдирасулхан Ералиев, Қанат Нышанов, Жамшидбек Туламетов Сайрам ауданындағы салынып жатқан бірқатар жол нысандарының құрылысымен танысты.

Халық қалаулыларына облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Жалайыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков нысандардың жай-күйін таныстырды.

Аралау барысында ауыр жүк көліктерінің қатынау мәселесі, жолдың сапасын басты назарға алу, халықтың талап-тілегі бойынша түн уақытысында жүк көліктерінің жүруін тоқтату, карьерлерден шығатын көліктердің тазалығын сақтау және тағы да басқа ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, депутаттар алдағы уақыта өңірдегі өзге де жол құрылыс нысандарымен танысып, облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессия отырысында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебін тыңдайтын болады.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button