ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ АШЫҚ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

🔹Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке (аортокоронарлық шунттау) ота жасалды. Оталар “Өркендеу Ассистанс” ЖШС басқаруындағы және Қазақстанның жетекші он медициналық орталықтарының қатарына кіретін облыстағы ең ірі жекеменшік денсаулық сақтау мекемесі – Жезқазған медициналық орталығының базасында өтті.
Жоба Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен “Қазақмыс” корпорациясының қолдауымен Ұлытау халқына кардиологиялық көмек көрсетудің мемлекеттік кешенді бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама аймақ тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған алдын алу шараларын, ерте диагностикалауды және жоғары технологиялық араласуларды қамтиды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін 2023 жылы Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, “UMC” корпоративтік қоры, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС, “Жезқазған” медициналық орталығы арасында өңірде кардиохирургияны дамыту туралы меморандум жасалды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова оқиғаның тарихи маңыздылығына назар аудара отырып, “бұл өте көптен күткен сәт және Ұлытау халқына кардиохирургиялық көмек көрсету статистикасын есептеудің бастауы болып табылады. Біздің облыс құрылғаннан бергі үш жыл ішінде медицина саласында көптеген істер атқарылды, оның ішінде, кардиологиялық қызметтің жұмысы жан-жақты құрылуда, кадр тапшылығы мәселесі шешілуде, өңірге келген дәрігерлер үшін жағдай жасалуда және бұл бағытта жұмыс жалғасуда”.
🔹Жезқазған қаласының тұрғындарына, яғни, 60 жастағы әйел мен 52 жастағы ер адамға Юрий Пя, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс кардиохирургы, профессор бастаған Астаналық топ ота жасады. Көптеген жылдар бойы Юрий Пя кардиохирургия саласындағы танымал сарапшы болып табылады және әлемдегі ең жақсы тәжірибелер деңгейінде хтрургиялық араласулар жүргізеді. Көрнекті кардиохирургтың шеберлік сабағына жергілікті мамандар қатысты.
– Біздің жүрек орталығымызда біз мынадай қағида бойынша жұмыс істейміз: бірінші кезекте пациент маңызды. Сондықтан медицинаны пациентке жақындату маңызды, керісінше емес. Жоғары білікті медициналық көмек адамға неғұрлым жақын болса – Қазақстан соғұрлым дамыған болады”, – деп атап өтті Юрий Пя.
🔹Жобаны іске асырудағы өте маңызды жағдай ретінде өңірде “Жезқазған” медициналық орталығы сияқты заманауи медициналық мекеменің жұмыс істеуін атап өткен жөн. Орталық ұлттық аккредиттеудің жоғары санатының және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге рұқсаттың (ЖТМК) жалғыз иегері, заманауи инфрақұрылымы бар, сондай-ақ, жоғары дәлдіктегі жабдықтар және білікті медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген. Мұнда қала құраушы компания – өзінің әлеуметтік бағдарына тұрақты көзқарас ұстанушы “Қазақмыстың” үлесі зор.
🔹 Сонымен қатар, жоғары білікті мамандардың сапары аясында ҚР ДСМ штаттан тыс бас кардиологы, жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Махаббат Бекбосынованың жетекшілігімен өңірімізнің дәрігерлеріне арналған “Атеросклероз мектебі” тақырыбында білім беру семинары ұйымдастырылды.
“UMC” командасы Ұлытауға операциялар жүргізу және әріптестерін жергілікті жерлерде оқыту үшін тұрақты келіп тұруды жоспарлап отыр. Еліміздің бас кардиохирургы атап өткендей, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” АҚ – ның міндеті-елордада ғана емес, өңірлерде де бастамаларды дамыту. Бұл өз әдістемелері мен технологияларын бүкіл ел бойынша таратуға арналған мемлекеттік мекеме”.
В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ВПЕРВЫЕ ПРОВЕДЕНА ОПЕРАЦИЯ НА ОТКРЫТОМ СЕРДЦЕ
🔹В области Ұлытау впервые проведена операция на открытом сердце (аортокоронарное шунтирование). Операции прошла на базе Медицинского центра Жезказгана – крупнейшего частного учреждения здравоохранения в области, находящегося под управлением ТОО «Өркендеу Ассистанс» и входящего в десятку ведущих медицинских центров Казахстана.
Проект реализуется при поддержке Управления здравоохранения области Ұлытау и Корпорации «Казахмыс» в рамках государственной комплексной программы кардиопомощи населению Ұлытау. Программа включает профилактику, раннюю диагностику и проведение высокотехнологичных вмешательств, направленных на сохранение здоровья и жизней жителей региона. Для практического осуществления ее в 2023 году между Управлением здравоохранения области Ұлытау, Корпоративным фондом «UMC», ТОО «Корпорация Казахмыс», Медицинским центром «Жезказган» был заключён меморандум о развитии кардиохирургии в регионе.
Руководитель управления здравоохранения области Ляззат Ранова, обращая внимание на историческое значение события, сказала, что «это очень долгожданный момент и начало отсчёта статистики кардиохирургической помощи населению Ұлытау. За три года создания нашей области сделано очень многое в сфере медицины, в частности всесторонне выстраивается работа кардиологической службы, решается вопрос кадрового дефицита, создаются условия для приезжающих в регион врачей. Работа над этим направлением продолжается».
🔹Жителей города Жезказган – женщину 60 лет и мужчину 52 лет оперировала команда из Астаны во главе с Юрием Пя, доктора медицинских наук, академика НАН РК, председателя Правления АО «Национальный научный кардиохирургический центр», главного внештатного кардиохирурга Министерства здравоохранения РК, профессора. На протяжении многих лет Юрий Пя является признанным экспертом в области кардиохирургии и проводит операции на уровне лучших мировых практик. В мастер – классе от выдающегося кардиохирурга также приняли участие местные специалисты.
– В нашем центре сердца мы работаем по принципу: в первую очередь важен пациент. Поэтому важно приблизить медицину к пациенту, а не наоборот. Чем ближе к человеку будет высококвалифицированная медицинская помощь – тем более развитым будет Казахстан», – отметил Юрий Пя.
🔹Очень важным моментом в реализации проекта является функционирование в регионе медицинского учреждения, как Медицинский центр «Жезказган», единственного в регионе обладателя высшей категории Национальной аккредитации и допуска к оказанию высокотехнологичной медицинской помощи (ВТМП). Центр оснащён современной инфраструктурой, высокоточным оборудованием и квалифицированным медицинским персоналом. В этом огромная заслуга градообразующей компании «Казахмыс», которая остается верным своей социальной направленности.
🔹В рамках поездки высококвалифицированных специалистов, также был организован образовательный семинар для врачей региона «Школа атеросклероза» под руководством внештатного главного кардиолога МЗ РК, врача кардиолога высшей категории, доктора медицинских наук Махаббат Бекбосыновой.
Команда «UMC» и далее планируют приезжать в Ұлытау для проведения операций и обучения коллег на местах. Как подчеркнул главный кардиохирург страны, «долг АО «Национальный научный кардиохирургический центр» – развивать инициативы не только в столице, но и в регионах. Это государственное учреждение, призванное транслировать свои методики и технологии по всей стране».