📍Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың 6 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.
📊 Алдын ала деректерге сәйкес, 2025 жылғы қаңтар–маусым аралығында ЖІӨ көрсеткіші 6,2%-ға жетті. Құрылыс, сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларында өсу қарқыны артқан.
«Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет тарапынан жүйелі шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.
Инвестицияларды белсенді түрде тарту түрлі салаларда аса маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды бастауға ықпал етті»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
💻 Сонымен қатар Мемлекет басшысының Орталық Азия өңіріндегі тұңғыш суперкомпьютер кластерін іске қосқаны атап өтілді. Оны қолдану кең ауқымды цифрландыру мен ашықтықты арттырып, көптеген экономикалық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
📍 Исполнение поручений Президента по развитию экономики: Правительство за полугодие обеспечило рост ВВП в 6,2%
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены результаты социально-экономического развития и исполнения республиканского бюджета за 6 месяцев текущего года.
📊 По предварительным данным, за январь-июнь 2025 года показатель ВВП достиг 6,2%. Увеличение темпов роста фиксируется в отраслях строительства, торговли, промышленности и связи.
«В рамках исполнения поручений Президента по обеспечению экономического роста Правительством принимаются системные меры. Их реализация имеет положительный эффект. Активное привлечение инвестиций позволило дать старт ряду важнейших инфраструктурных проектов в различных отраслях»,
– отметил Олжас Бектенов.
💻 Также отмечено, что Главой государства запущен первый в регионе Центральной Азии суперкомпьютерный кластер. Его применение ускорит полномасштабную цифровизацию и прозрачность, в том числе при решении многих вопросов экономического характера.