Жаңалықтар

Таңғажайып өлке Қатон Қарағайдағы Берел трейлраннинг жарысы

2025 жылдың 5-6 шілдесінде Шығыс Қазақстан обылысының Берел ауылында екінші рет жаяу жүгіруден “Qaton-Qaragai Trail – 2025” жарысы өтеді. Бұл спорттық іс-шара қатысушыларлың рухани дүниесін байытып, ел ішінде тарихи мұраларды насихаттауды мақсат етеді. Жарысты ұйымдастырушылар ШҚО Қатон Қарағай әкімдігі мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі, жарыстың демеушісі Kaz Minerаls тобы.

Берел ауылының маңында өтетін 3 км., 10 км. және 20 км. жарыс трейлраннингті сүйетіндерге ғана емес, сонымен қатар, еліміздің тарихын және мәдениетін құрметтейтін әрбір адамға арналған. Әуесқой спортшылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес бір дистанция таңдай алады.

Жарысқа қатысушылар Берел өзенінің оң жағалауын бойлап орман арасымен жүгіреді.

Жарысқа өтінім баргендер арасында халықаралық және республикалық жарыста жеңімпаз болып жүрген желаяқтар бар, олар Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қарағанды қалаларынан келеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы жарыстың демеушісі Kaz Minerаls тобы атынан беріледі. Желақтардың жастар санаты бойынша, әйелдер мен ерлер арасында марапатталады.

Рамазан Саттарұлы +77013906994

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button